Жансақтау бөлімінде 260 адам жатыр – Ажар Ғиниятқызы

7 Шілде 2020, 11:51
2367
Бөлісу:
Жансақтау бөлімінде 260 адам жатыр  – Ажар Ғиниятқызы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жансақтау бөлімінде 260 адам жатыр. Бұл туралы ҚР президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы айтты.

Емханаларда 8300 симптомсыз не ауруы жеңіл науқас ем алып жатыр. 9 мыңнан астам науқас инфекциялық стационарларда емделуде. Соңғы тәулікте 450 науқас стационарға түсті. Жансақтауда ауыр және өте ауыр жағдайда 260 науқас жатыр. Оның ішінде 12 жүкті және босанған әйел мен бір бала бар. Бұл науқастардың 72 пайызы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деді ол. 
Анар Ғиниятқызы соңғы тәулікте 5 науқас жансақтау бөлімінен жағдайының жақсаруына байланысты палатаға ауысты.
Жағдайы ауыр науқастардың негізгі үлесі Алматы және Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі. Коронавирус инфекциясынан 264 адам қайтыс болды. Олардың жартысы үлкен үш өңірге тиесілі. Ол: Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары және Қарағанды облысы. Қайтыс болған науқастардың көбі 50 жастан жоғары егде жастағы адамдар, - деді ол. 

Оның айтуынша, бұл жағдайға душар болған адамдар карантин шараларын бұзғаны анықталған. 

Көпшілік орталарға барып, ауруды жұқтырған. Осыған байланысты жасы үлкен адамдарды және созылмалы аурулары бар науқастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға, өз үйлеріңізден қажетсіз шықпауға шақырамыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы