Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев марапаттау рәсімінен кейін сұхбат беріп, төртжылдық додасындағы әсерлерімен бөлісті.
Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Мұндай нәтижеге қол жеткізгенім үшін қуаныштымын. Үшінші орынның өзі керемет жетістік емес пе? Бір орында тоқтау ойымда жоқ. Әлі талай жеңіспен қуантарыма сенімдімін. Әр жеңістің артында маңдай тер, еңбек жатыр, - деді ол.
Сонымен қатар ол Олимпиада барысында сыр берген жарақаты туралы да айта кетті.
Жанкүйерлерге көрінбейтін қаншама жарақат бар. Оңай емес. Десе де, біз тек алға басамыз. Қолдауларыңызға рахмет, - деді Қамшыбек.
Айта кетейік, қазақстандық боксшылар Токио Олимпиадасында екі қола медаль жеңіп алды.