#Жанкүйер. Көп ақша араласқан жер оңбайды – Есен Елеукен

20 Сәуір 2021, 19:26
2455
Бөлісу:
#Жанкүйер. Көп ақша араласқан жер оңбайды – Есен Елеукен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Жанкүйер» атты подкастымыздың кезекті санында «Жайдарман» ойындарының жүргізушісі, Қазақстан әуесқой футбол лигасының амбассадоры Есен Елеукен қонақта болды.

Бұл жолы Қазақстан премьер-лигасының жаңа маусымы талқыланды. Наурыз айында ел чемпионатының кезекті маусымы басталған. Бүгінгі таңға дейін 6 турдың ойындары өтіп үлгерді.

Биыл, біріншіден премьер-лигаға 14 команда қатысып жатыр. Алғашқы турларды көрдік. Мемлекет басшысы айтқаннан кейін көптеген командалардың қаржылық бюджеті қысқарды. Оның өзіндік пайдасы бар екен. Қызықты кездесулер пайда болды. Бұрынғыдай емес, командалардың бір-бірінен деңгейлері қатты алшақтаған. Енді жалпы командалардың мүмкініктері алдағы 4-5 турдан кейін толық анықталады, - дейді Есен Елеукен.


ПОДКАСТТЫ ТЫҢДАУ

Өзгелердің жаңалығы