Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі белгіленді

30 Қыркүйек 2021, 18:31
9633
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі белгіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақтағы қазақстандық спортшы Жәнібек Әлімханұлының (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні айтылды.

Инсайдер Стив Кимнің ақпараты бойынша, Жәнібек 5 қараша Лас-Вегаста рингке шығады. Қарсыласы әзірге белгісіз. 

Әлімханұлы Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінде өнер көрсетеді деп жоспарланған. Ал бұл шоудың басты айқасында екінші жартылай жеңіл дивизионда WBO чемпионы Микаэла Майер (15-0, 5 КО) мен IBF титулына ие Майва Хамадуш (22-1, 18 КО) жұдырықтасады.


Өзгелердің жаңалығы