Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды

19 Мамыр 2021, 21:57
1723
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 маусымда Лас-Вегаста Жәнібек Әлімханұлы америкалық Роб Брантпен жұдырықтасады. Бұл туралы боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан хабарлады.

Көптен күткен жаңалық. Жәй жаңалық емес, маңызды жаңалық. Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды. Жәй қарсылас емес, әлем чемпионы болған (Муратаны ұтқан), атағы бар, ел танитын, мамандар мықты деп бағалаған америкалық - Роб Брант. Рекорды: 28 жекпе-жек өткізіп, 26-ын жеңген. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан, - деп жазды ол facebook-тегі парақшасында.

Жекпе-жек 26 маусымда Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған.

Жәнібек пен біздің команда үшін бұл үлкен сынақ. QAZAQ STYLE мансабының алдағы жоспары мен бағыты осы жекпе-жекке қарай реттеледі. Аңыз промоутер Боб Арум Жәнібекті шешуші сынынан өткізіп көрмек, - деп жазды Берік Сұлтан.


Өзгелердің жаңалығы