Бас жаңалықтар
«Жаңғырық» фильмін Асқар-Мұхит Нарымбетов аяқтайды
24 Шілде 2021, 10:58 1021

«Жаңғырық» фильмін Асқар-Мұхит Нарымбетов аяқтайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың тапсырмасы бойынша «Қазақфильм» киностудиясына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов пен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуәлиев ресми сапармен барды. 

Қазақфильмнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласынан келген делегация шілденің 8-і күні өмірден өткен режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Жаңғырық» кинокартинасына қатысты бірқатар мәселені талқылау үшін киногерлермен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты – «Жаңғырық» фильмін аяқтайтын қоюшы-режиссерді бекіту бойынша түпкілікті шешім қабылдау.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов кездесудің барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, белгілі кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовтың өлімі бүкіл қазақ мәдениеті үшін орны толмас қаза екенін атап өтті. 

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова фильмнің қоюшы-режиссері ретінде марқұм режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың ұлы Асқар-Мұхит Нарымбетовты ұсынғаны жөнінде жақсы білесіздер. Осыған байланысты біз бүгін сіздермен бірге түпкілікті шешім қабылдау үшін жиналып отырмыз, өйткені Сатыбалды Нарымбетовтың мұрасы аяқталуы тиіс, - деді вице-министр.


Сонымен қатар КСРО Халық әртісі, киностудияның көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов лебізін білдірді.

Мен бүгін осы маңызды мәселені талқылауға жиналғанымызға өте қуаныштымын. Сатыбалды Нарымбетовтың ұлдары әрдайым әкесімен бірге болған және жобаның барлық егжей-тегжейін жақсы біледі, барлық материалдарды біледі. Сондықтан мен Асқар-Мұхиттың режиссер болғанын қолдаймын, - деп айтты ол.
Жазушы Смағұл Елубаев Сатыбалды өмір бойы ұлдарына кино өнеріне деген сүйіспеншілікті сіңдіріп, әбден дайындағанын атап өтті.

Біреуін оператор, екіншісін режиссер қылып тәрбиеледі. Олар Нарымбетовтың балалары ғана емес, оның шәкірттері де, сондықтан да ұлдары әкесінің бастаған ісін лайықты аяқтайтынына сенімдімін, - деді жазушы.

Zoom арқылы сөз сөйлеген Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов министр Ақтоты Райымқұлованың қоюшы-режиссер Асқар-Мұхит Нарымбетовті тағайындау туралы ұсынысын қолдайтынын айтып, фильмнің лайықты болатынына сенім білдірді. 

Айтылған жылы лебіздеріңіз үшін алғыс айтамын. Біз фильмнің шығармашылық ұжымымен келіссөздер жүргіздік, олар жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін хабарлады. Сондай-ақ, біз бүгін кездесуге қатысып отырған режиссер Томаштың жобада жұмыс істегенін қалаймыз, өйткені ол жобаның бастауында тұрды, әкемізбен етене араласты, - деді, қюшы-оператор Ескендір Нарымбетов. 

Кездесу нәтижесінде Асқар-Мұхит Нарымбетовтың кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Сатыбалды Нарымбетовтың ұлы Асқар-Мұхит жиналған қауымға сенімі үшін алғысын білдіріп, қазіргі уақытта ол барлық материалдарды зерттеп жатқанын және 2021 жылдың 26 шілдесіндегі дүйсенбіге қарай киностудия басшылығына түсірілімді аяқтау үшін өз ұсынысын жолдайтынын хабарлады. 

Естеріңізге сала кетейік, режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың поляк жазушысы, айдауға кеткен революционер және даланың этнографиялық құндылықтарды жинаушы Адольф Янушкевичтің тағдыры туралы баяндайтын «Жаңғырық» фильмі 2019 жылғы ақпан айының басында өндіріске жіберілген болатын.

Картинаның жалпы бюджеті 640 000 000 теңгені құрады, оның ішінде 2019 жылы түсірілім тобы дайындық алдындағы және ішінара дайындық кезеңдері шеңберінде 240 926 000 теңгені игерді. 2019 жылғы 29 қарашадан бастап аталған киножоба киностудияның сол кездегі басшылығының бұйрығымен консервацияға қойылды.
2020 жылғы наурызда Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақфильм» киностудиясы арасында шарт жасалды, оның шеңберінде «Жаңғырық» фильмін шығаруды жалғастыруға қалған соманың 30%-ы (399 074 000 теңге) - 119 722 200 тг бөлінді. Алайда коронавирус инфекциясының пандемиясы және елде жарияланған карантин режиміне байланысты түсірілім процесінде өзгерістер енгізілді. Картинаның түсірілімі авторлардың ойы бойынша тек Қазақстанда ғана емес, Венгрияда да өтуі керек болған. Өкінішке қарай, сол кезде бүкіл әлемде қалыптасқан өте қауіпті жағдайға байланысты бұл мүмкін болмады. 

Сонымен қатар, Адольф Янушкевичтің рөліне актер, Польша Республикасының азаматы Петр Полак бекітілгенін айта кекен жөн. Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі шаралардан туындаған күрделі жағдайға байланысты шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы белгілі бір қиындықтар туғызды.
20.08.2020 жылғы №1 қосымша келісім негізінде бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ арасындағы 03.03.2020 жылғы №32 шарт бұзылды. Аванс толығымен мемлекеттік бюджетке қайтарылды. 

2021 жылы «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Мәдениет және спорт министрлігіне 399 074 000 теңге көлемінде толықметражды көркем фильмді аяқтауға қосымша өтінім берді. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес, бұрын қайтарылған қаражатты алу үшін тиісті рәсімдерді, оның ішінде республикалық бюджет комиссиясының мақұлдауын жүргізу қажет. Осыған байланысты, «Жаңғырық» кинокартинасын қаржыландыру мәселесі 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылды және қолдау тапты.



Фото: дереккөз
Загрузка...