Жаңғабыл Қабақбаев: Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет

30 Сәуір 2019, 18:36
5107
Бөлісу:
Жаңғабыл Қабақбаев: Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет
Фото: автордан

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбедегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне орай бас қосты. Шараға қатысқан жастарға татулық пен бірліктің символына айналған мерекенің маңызын түсіндірді.

Ақтөбе облысындағы 17 этномәдени бірлестікті біріктіріп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясында бүгін «Ұлттық бірлік – тәуелсіз Қазақстан іргетасы» атты дөңгелек үстел өтті. Бірнеше ұлттың өкілдері бір-бірін 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтады.

Жаңғабыл Қабақбаев: Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет

«Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет. Тәуелсiз Қазақстан 130-дан астам ұлттар мен ұлыстарға ортақ мекен бола бiлдi. Бүгiнде елiмiздi мекендеген ұлттардың өз тiлi мен дiлiн, мәдениетiн дамытуда кедергi жоқ. Оның бәрi Елбасының көреген саясаты мен елiмiзде қалыптасқан ұлтаралық достықтың негiзiнде жүзеге асуда. Елбасы Н.Назарбаев: «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің осындай бірлікті ел болмысымыздың кепілі. Мәдениет тіршіліктің тірегі. Ортақ игіліктің ұлықталып, ұлы істерге ұйымдастырудың бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім бәрінің тамыры мәдениетте. Келісім - экономика мен саясаттың қауіпсіздігіндегі өмірдің заңы. Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Бір шаңырақ астында барлық ұлттар мен этностар өкілдері бас қосып, достық, бірлік туралы айтты, ұмытылмас сәттерді бастарынан өткерді. Қазақстан қоғамы өзінің парасаттылығымен ерекшеленеді, біз осындай елде, осындай жерде өмір сүретіндігімізді мақтан тұтуымыз керек», - деді Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Жаңғабыл Қабақбаев.

Шараға 17 этномәдени бірлестік, «Жаңғыру жолы» қозғалысы, ҚХА жанындағы кеңестері, мен «Қоғамдық келісім» өкілдері қатысты. Ақтөбе облысы «Вяра» болгар этномәдени бірлестігінің төрайымы Анастасия Подольянованың сөзінше, ұлтаралық келісім – еліміздің ішкі саясатының жүрегі. Этносаралық, конфессияаралық келісімдер төзімділіктің арқасында құрылады.

«Этносаралық келісімді нығайту мәселесі Қазақстанның тәуелсіздікке жолының басында туындады. Тәуелсіз мемлекет миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен рухани игіліктің кепілі болды. Қазақстанда әр ұлттың өз туған тілін еркін қолдаунға мүмкіндік жасалған. Кейбір ұлттардың тілдерін үйрететін арнайы мектептер де бар», - деді Анастасия Подольянова.

Қазақ-орыс халықаралық университетінің доценті Убайдулла Мамбетов тәуелсіздік алған жылдары елімізде болған қиын кезеңдерді атап өтті.

«Тәуелсіздік алған жылдары өміріміздің қиын күндерін басымыздан өткердік. Барлық мемлекеттер өз тәуелсіздігін жариялап, ұлттық валюталарын қолданысқа енгізді. Осыған байланысты экономикалық байланыс бұзылды. Көп қиын жағдайлар болды. Бірақ еліміз аяғымыздан тұрды. Қазақстанда 140 ұлт, этникалық топ тұрады», - Убайдулла Мамбетов.

Өзгелердің жаңалығы