Бас жаңалықтар
Жандарбек Бекшин: Оразадағы ас мәзірі туралы
07 Мамыр 2019, 14:40 1002

Жандарбек Бекшин: Оразадағы ас мәзірі туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин қазақстандықтарға Рамазан айында ораза ұстағанда қандай тамақтарға мән беру керектігін айтты, деп хабарлайды inAlmaty.kz. 

Бас санитарлық дәрігер жазда 20 сағат бойы ауыз бекіту халіңнің нашарлауына алып келуі мүмкін дейді. Сондай-ақ, денсаулықты көтерудің де ережелері бар. 

Бекшин таң сәріде күрделі көмірсуларды және сұлы, бұршақ және күріш секілді жасұнықтарға мол тағамдарды тұтыну қажет деп кеңес берді. 
Сәресін құрмамен немесе сумен жабудың жақсы екенін бұл организмдегі қант пен тұз деңгейін қалпына келтіруге көмектеседі. 

«Қандағы қант мөлшерін қадғалап отыру үшін таңғы асқа төмен гликемиялы тағамдарды қолданыңыз. Азық-түліктердің гликемиялық индексіне назар аударыңыз. Индекс төмен болған сайын тағамның қантқа айналуы төмен жүреді. Бұл жақсы», - дейді комитет төрағасы. 

Күн батқанда бірден 200 – 300 грамм су ішкен абзал. Содан кейін құрма, кептірілген өрік немесе кез келген тәтті жеміс жеуге болады.
 
"Бірақ мен оның орына айран не йогурт ішуге және 2-3 дана бадам жаңғақтарын жеуге кеңес беремін. Қышқыл сүт өнімдеріндегі ақуыздар қандағы қанттың қатты көтеріліп кетуін болдырмаса, жаңғақтар асқазанды алдағы жұмысына дайындайды», - дейді Бекшин. 

Ауыз ашарда майлы және қуырылған тағамдардан гөрі жеңіл ас ішкен жөн. Құрамында баяу ыдырайтын көмірсулары бар еттен ауыр тағамдардыдайындаудың қажеті жоқ. Оның орнына пісірілген балық немесе бұқтырылған көкөністерді жеуге болады. 

Бас санитар қуат жәй бөлетін тағамдарды таңдауға, сондай-ақ сұйықтыты көп ішіп, құрамында кофеин бар шәй, кофе, газдалған сусындарды аз ішуге кеңес береді. Тәттіге үйір болудың да қажеті шамалы. 

Бекшин кейбір санаттағы азаматтардың ораза ұстаудан бас тартқан дұрыс деген пікірде. Олардың арасында жүкті әйелдер, жеті жастан төмен балалар, қарттар, диабетке шалдыққандар, жүрегі ауыратын адамдар бар. Аса ауыр жұқпалы аурулар, әсіресе құрғау қаупі жоғары ішек инфекциясы кезінде ашығудың қажет жоқ дейді маман.

Жандарбек Бекшин: Оразадағы ас мәзірі туралы

Загрузка...