Бас жаңалықтар
Жандарбек Бекшин: Баланы инфекциялық аурулардан қорғану құқығынан айырмау керек
22 Сәуiр 2019, 15:02 838

Жандарбек Бекшин: Баланы инфекциялық аурулардан қорғану құқығынан айырмау керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Былтыр республикада профилактикалық егулерден бас тартқан 5750 жағдай тіркелген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Дүниежүзілік иммундау апталығына арналған баспасөз-конференциясында айтылды. 

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда биыл жеке сенімі бойынша вакцинадан бас тарту басым болған. Барлық бас тартушылар ішінде олардың үлесі 51%, діни себептер 32% болса,  вакциналарға сенімсіздік білдіргендері 10%, БАҚ арқылы жағымсыз ақпарат алған адамдар үлесі 10%. 

«Көріп отырғандарыңыздай, вакцинациядан бас тарту - өзекті мәселе және біз осы мәселе бойынша жұмыс істеудеміз. Біз ХХІ ғасырда  заманауи технологияларды қолдануымыз керек, қолданып та жүрміз, сондай-ақ оңды әсері мол, қауіпсіз вакциналарды да қолдануымыз керек», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғмдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Былтыр вакцинациядан бас тартқан адамдар арасында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 3107 адам вакцинацияға қатысты пікірін өзгерткен.  

Профилактикалық егулерден бас тарта отырып, ата-аналар баланы инфекциядан және оның салдарынан қорғану құқығынан айыруы мүмкін екенін есте сақтау қажет. 

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан халқына өздерінің балаларын инфекциялық аурулардан қорғану құқығынан айырмауға және барлық қолжетімді әдістермен, оның ішінде вакцинациялаумен олардың денсаулығын қамтамасыз етуге шақырады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...