Әлеуметтік кәсіпкерлік жанданып келеді – Әшімбаев

31 Шілде 2020, 16:42
1188
Бөлісу:
Әлеуметтік кәсіпкерлік жанданып келеді – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады. 

Құрбан айт – қайырымдылық пен мейірімділіктің мейрамы. Осыған орай Парламент Сенаты Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп бірқатар игі бастаманы қолға алды. Соның аясында бүгін елордамыздағы «Green TAL Food» әлеуметтік дәмханасына арнайы бардым. Бұл жерде тағдырдың түрлі сынағына тап болған жандар жұмыс істейді. Дәмхана қызметкерлерін айт мерекесімен құттықтап, оларға құрбандықтың еті салынған азық-түлік қоржынын тарту еттік, - деді Мәулен Әшімбаев.

Ол соңғы жылдары елімізде әлеуметтік кәсіпкерлік жанданып келе жатқанын байқауға болатынын айтты. 

Кәсіптің бұл түрі Мемлекет басшысының да басты назарында. Биылғы ақпанда Президентіміз әлеуметтік кәсіпкерлермен кездесіп, мұндай игілікті істің қоғам үшін маңызы зор екенін айтты. Сондықтан алдағы уақытта осы бағытта тың бастамалар қолға алынады деп сенеміз. Құрбан айт қарсаңында депутаттардың бастамасымен медициналық қызметкерлерді қолдауға арналған акция да ұйымдастырылды. Соған орай бүгін Сенат аппараты індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігердің үйіне барып, сый-сияпаттар табыс етті. Осылайша, депутаттарымыз биылғы Құрбан айтты мұқтаж жандарға, пандемия кезінде өз ісіне адалдық танытқан медицина қызметкерлеріне көрсету арқылы атап өтуде. Әрдайым осылай бір-бірімізге жақсылық жасап, қол ұшын созсақ, кез келген сыннан сүрінбей өтенімізге күмән жоқ. Сондықтан ырыс-ынтымағымыздан ажырамайық.Баршаңызды қасиетті мерекемен құттықтай отырып, ниеттеріңіз қабыл болсын деп тілеймін. Айт мүбәрак болсын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы