Бас жаңалықтар
Жанбота Алдабергенова халықаралық турнирде топ жарды
14 Ақпан 2021, 09:09 341

Жанбота Алдабергенова халықаралық турнирде топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан халықаралық турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері АҚШ-тың Юта парк аймағында фристайл-акробатикадан North American Cup халықаралық додасы өтіп жатыр. Отандасымыз 85.68 нәтижесімен топ жарды. 76.56 көрсеткішімен АҚШ өкілі Тасиа Таннер күміске ие болса, канадалық Юстин Элли қола жүлдені иеленді.  

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары Ақмарал Қалмұрзаева 6-шы орыннан көрінсе, Аяна Жолдас 7-ші болды.   


Фото: дереккөз
Загрузка...