Бас жаңалықтар
Жаңатастағы өрт. Отбасына көмек көрсетіліп жатыр
20 Ақпан 2021, 12:46 918

Жаңатастағы өрт. Отбасына көмек көрсетіліп жатыр

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек өңірлік коммуникациялар қызметінінің алаңында Жаңатаста болған өрт оқиғасына қатысты  өткен брифингте айтты. 

Алдымен қаза болған періштелердің ата-анасына, туған туысына көңіл айтамыз. Кеше оқыс оқиғаның себебін анықтау үшін Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен комиссия оқиға орнына аттанды. Комиссия құрамына прокуратура, полиция департаменті, төтенше жағдайлар жөніндегі департамент пен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері енді, - деді ол. 

Ол атағандай, отбасына түрлі көмек көрсетіліп жатыр. 

Ақшалай және психологтардың көмегі көрсетіліп жатыр. Жергілікті атқарушы орган өз көмегін беріп жатыр, - деді ол. 

Айта кетейік, кеше Жаңатастағы тұрғын үйден өрт шығып 5 бүлдіршін қаза тапқан еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...