Жаңатастағы қайғылы жағдайдан кейін әкім қызметінен кетті

5 Наурыз 2021, 15:15
1930
Бөлісу:
Жаңатастағы қайғылы жағдайдан кейін әкім қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов қызметінен босатылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайты хабарлады. 

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы Сарысу ауданы әкімі қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 19 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрт болып, бес баланың өмірін қиды. Өрт кезінде әкесі жергілікті ауруханада жұмыста болған, ал анасы дүкенге шыққан.

Өрттің алдын ала себебі ретінде оттың жатын бөлмесіндегі жанғыш материалға тиюі. Қазіргі кезде балалардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, «өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бес бала Талас ауданының Үшарал ауылында жерленді.

Өзгелердің жаңалығы