Қазақстан жанармай импортына салынған тыйымды ұзартты

15 Шілде 2020, 23:46
1828
Бөлісу:
Қазақстан жанармай импортына салынған тыйымды ұзартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл шара – уақытша және 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

"Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Энергетика министрінің 2020 жылы 27 наурыздағы бұйрығын уақтылы бекіту өндірілетін және тұтынылатын мұнай өнімдерінің көлемі арасындағы ыңғайлы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді (бұйрықтың қолданылу мерзімінің аяқталуы – осы жылдың маусым айы). Сонымен қатар, бүгінгі таңда ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің қорлары едәуір жоғары деңгейде, қосымша импорттық отын көлемі түсетін болса, бұл отандық мұнай өңдеуге кері әсер етуі мүмкін – делінген хабарламада.

Атап айтқанда:

- қазақстандық МӨЗ-ден мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту көлемін төмендетуге;

- зауыттық резервуарлық парктердің, сондай-ақ елдегі барлық мұнай сақтау базаларының толып кетуіне;

- соның салдарынан, мұнай өңдеуді мәжбүрлі түрде төмендетуге әкеп соғады, бұл дизель және авиациялық отын сияқты мұнай өнімдерінің басқа да бағалы түрлерін өндіруді төмендетуге алып келеді.

Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасына теміржол, автомобиль және құбыржол көлігімен бензин, авиациялық және дизель отынын әкелуге тыйым салуды енгізуде. Бұл шара уақытша екенін, әрі 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылатынын атап өткен жөн – делінген министрлік ақпаратында.

Өзгелердің жаңалығы