Жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаған қостанайлық сотталды

19 Қаңтар 2021, 07:48
1226
Бөлісу:
Жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаған қостанайлық сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында 23 мың литр жанар-жағармай ма­териалдарын заңсыз та­сы­мал­даған тұрғын сот­тал­ды, деп хабарлайды aikyn.kz.

Қаржы мони­торин­гі ко­ми­тетінің Қостанай облысы бо­йынша экономикалық тер­геу департаментінің қызмет­керлері BARRELL жедел алдын алу шарасы аясында об­лыс аумағында тиісті ілес­пе құ­жатсыз жалпы көлемі 23 мың литр болатын жанар-жағар­май материалдарын заңсыз сатып алу және тасы­мал­дау дерегінің жолын кесті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 197-бабының 3-бөлімі бо­йынша қылмыстық іс қозғалды. Мамандардың қорытындысына сәйкес, шығын – 4,3 млн теңге. Қостанай қаласы №2 сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай бас бос­­тан­дығын шектеу жазасы та­ғайын­далды. Тәркіленген 23 тон­на дизель отыны мемлекет кірісіне алынды.

 

 


Өзгелердің жаңалығы