Жаңаөзенде садақ ату мектебі ашылды

4 Желтоқсан 2020, 19:19
2113
Бөлісу:
Жаңаөзенде садақ ату мектебі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаөзен қаласында дәстүрлі садақ ату мектебі ашылды. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жаңабай Аймағамбетов мәлім етті.

Арнайы орталықты маңғыстаулық мерген, спортшы Сәнім Мұрат ашқан.  Мектепте 50 спортшы жаттығады. Олардың ең кішісі -  7 жаста болса, үлкені 57 жаста.

4 желтоқсан күні садақ атудан алғашқы қалалық ашық турнир өтті. Жарыстың мақсаты - жалпы ұлттық спорт түрлеріне қоғамның қызығушылығын арттыру.

Бұл - өте жақсы бастама. Алдағы уақытта осындай мектептер көптеп ашылса игі. Жас буынды отансүйгіштікке, патриоттық рухта тәрбиелеу маңызды. Біз қазіргі таңда дәстүрлі садақ атудың беделі мен рейтингін көтеруді және оны әлемдік деңгейдегі негізгі спорт түріне айналдыруды көздеп отырмыз, - деді Жаңабай Аймағамбетов.
Өзгелердің жаңалығы