Бас жаңалықтар
Жаңаөзенде 14 ноутбук 20 миллион теңгеге бағаланған
15 Тамыз 2020, 06:40 2084

Жаңаөзенде 14 ноутбук 20 миллион теңгеге бағаланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаөзенде қалалық білім бөлімі бас есепшісінің өз міндетіне салғырт қарауы мемлекетті 20 миллион теңгеден астам қаражатқа шығынға батыра жаздады. Қазір сол жауапсыздығы үшін мемлекеттік қызметшіге қатаң сөгіс жарияланып отыр.

"Атамекен" сайтының мәліметінше, құзырлы орган орта білім беру нысандары қатысқан мемлекеттік сатып алуларға талдау жүргізген. Оның барысында, бір мектепке 14 ноутбук сатып алу үшін қажет сома порталда 23 млн 333 мың теңге деп көрсетіліпті. Яғни, бір портативті компьютердің құны нарықтағы бағадан 10 есе артық болып шыққан. Соның салдарынан сұраныс кері қайтарылды.

Жыл басынан бері аймақтағы барлық мектеп қашықтан оқытуға көшіріліп жатыр. Осыған сәйкес, облыстық білім басқармасы мен оның аудандық бөлімдері ноутбуктар алу үшін мемлекеттік сатып алуларға қатысуда. Талдау кезінде бір мектепке алынатын бір компьютер құны 1 млн 600 мың теңге деп көрсетілгені анықталды. Біздің араласуымызбен бастапқы баға 178 мың болып өзгерді, - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің аға офицері Ерлан Сисеналиев.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...