Бас жаңалықтар
Жанәбілова нотариатты цифрландырудың артықшылықтарын атады
20 Сәуiр 2021, 13:21 201

Жанәбілова нотариатты цифрландырудың артықшылықтарын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да нотариат және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы реформалар бойынша өткен брифингте айтты.

Нотариатты цифрландыру жаңашылдығы осыдан он жыл бұрын бұндай мүмкіншіліктің инфрақұрылымын дайындауға себеп болған Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің құрылған сәтінен басталды.Оны қабылдағаннан кейін нотариаттық қауымдастықты, нотариустар мен азаматтарды қандай өзгерістер күтіп тұр. Заңмен БНАЖ-нің қызмет етуіне байланысты ондағы мәліметтердің енгізілуіне, мәтініне оларды беру талаптарын регламенттейтін, сонымен қатар БНАЖ-ні техникалық-жүйелік қамтамасыз ететін және оны сүйемелдейтін тұлғалар мен нотариаустардың бір қатар міндеттері баптар қарастырылған, - деді Жанәбілова.

Ол атағандай, бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізілімінен, мұрагерлік істер тізілімінен, өсиеттерді есепке алу тізілімінен, электронды нотариаттық репозиторийдан тұрады.

Дегенмен нотариустар нотариаттық әрекеттерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде тіркеу кезінде олардың жасалғаны туралы, мұрагерлік істі ашқаны туралы, өсиеттердің есепке алынғаны туралы мәліметтерді БНАЖ енгізуге міндетті болып табылады. Аталған мәліметтерді енгізу мерзімдері белгіленген: нотариаттық іс-әрекеттің жасалғаны туралы мәліметтерді - дереу түрде, мұраның ашылғаны туралы мәліметтерді нотариус тиісті өтініштер келіп түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейді, - деді ол.

Жанәбілова атағандай, қағаз жеткізгіштегі құжаттар бірте-бірте артта қалып бара жатыр, оларды үнемі өзіңмен алып жүруге ыңғайсыз, ылғи жалғыз данадағы құжатты жоғалтып алу және бүлдіріп алу қауіпі болады.

Заңмен мәні қағаз жүзіндегі құжатқа тең толығымен материалсыздандырылған электрондық түрдегі құжатты құру көзделген. Нотариаттық құжатқа электрондық тізілім арқылы құрылатын, автоматты түрде деректер қорында тіркелетін және кейін өзгертуге жатпайтын, бірегей идентификациялық код - QR-код беріледі. Бұл құжатты бұрмалаудан сақтауға мүмкіндік береді, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...