Жаңа жылдан кейін Тоқаев бірден Үкімет мүшелерін жинамақ

15 Желтоқсан 2020, 12:04
1369
Бөлісу:
Жаңа жылдан кейін Тоқаев бірден Үкімет мүшелерін жинамақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин келесі жылдың басында Мемлекет басшысының қатысумен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін хабарлады.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын асыру және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері келесі жылдың басында Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін кеңейтілген отырыста қаралатынын атап өткім келеді,- деді Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысында.

Биылғы жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы екі рет өтті. 

Алғашқысы 23 қаңтарда, екіншісі 10 шілдеде болды.

Өзгелердің жаңалығы