Елордада жаңа вагондардың таныстырылымы өтті

22 Қазан 2019, 20:34
1886
Бөлісу:
Елордада жаңа вагондардың таныстырылымы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан-1 вокзал кешенінде Ұлттық тасымалдаушы ресей технологиясына сай отандық "Тұлпар-Тальго" зауытында құрастырылған жаңа вагондардың презентациясын өткізді.

Бұл шараға "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры Михэль Кортюм мен "Тұлпар-Тальго" зауытының өндіріс бойынша директоры Рамазан Тлеуленов қатысты.

"Жаңа плацкарт вагондары 54 орынға есептелген. Қызмет ету уақыты 40 жыл. Жолдағы максималды жылдамдығы 160 км/сағ. Вагон ішінде кондиционер жүйесі, өртке қарсы жүйе және су қоры, екі биотуалет, видео бақылау жүйелері орнатылған. Әр вагонда 6 видеокамера орналасқан. Олар бейнені түрлі-түсті және ақ-қара режимінде түсіреді. Барлық таспа штабтық вагондағы пойыз басшысының қадағалауында болады. Әр купе және ортақ дәліз екі 220В қуат беретін розетка және ұялы телефонды қуаттандыруға арналған екі USB-портпен қамтылған. Әр вагонда жолсерікке арналған тоңазытқыш пен микротолқынды пеш, ауыз су диспенсері мен ыстық суымен титан орнатылған. Сонымен бірге байланыс, диагностика және басқару жүйелері қарастырылған. Әжетханалар экологиялық таза блок қондырғыларымен толыққан", - делінген хабарламада.
Осыдан 3 ай бұрын 25 жаңа вагон іске қосылған болатын. Ол вагондар шілде айынан тұрақты түрде № 377/378 "Алматы-Маңғыстау" бағыты бойынша қатынайтын пойыздардың құрамына тіркелді.
"Жыл сайын біз өзіміздің вагон паркімізді жаңа 100 вагонмен толықтырып отырамыз. Басты мақасатымыз – жолаушыларға барлық жағдай жасап, сервис сапасын жоғарлату", - деп атап өтті компания басшысы Михаэль Кортюм.

Өзгелердің жаңалығы