Жаңа ұлттық парк құрылды
8 Желтоқсан 2021, 15:10 189

Жаңа ұлттық парк құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Экология министрі Cерікқали Брекешев өзінің твиттер желісіндегі парақшасында хабарлады.

Атап айтсақ, 7 желтоқсан күні Үкіметтің № 867 қаулысына сәйкес Қазақстанда «Ұлытау» ұлттық паркі құрылды.

«Ұлытау» ұлттық паркі Президенттің тапсырмасы аясында құрылып отыр.

Парк Қарағанды өңірінде орналасатын болады, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды.

Парктің мақсаты – ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау.

«Ұлытау» ұлттық паркі – Қазақстандағы 14-мемлекеттік табиғи парк.


Фото: дереккөз
Загрузка...