"Жаңа технология". Жапырақ үстіне төселген асфальт

18 Қазан 2020, 23:02
1525
Бөлісу:
"Жаңа технология". Жапырақ үстіне төселген асфальт

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде жапырақтардың үстінен асфальт төселіп жатқаны түсірілген видео пайда болды.

Равлодарnews.kz порталының мәліметіне қарағанда, бұл видео тұрғындардың ашуын тудырып, желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.  

Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекованың айтуынша, әкімдік мердігерді жапырақтардың үстінен төселген асфальтты бөлшектеуге мәжбүр еткен.  
Қала басшысы Ержан Иманслям алаңға барып, мердігерлерді шақырды.

Естай көшесі, 142 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің ауласына асфальтбетон төсеу жұмыстарын жүргізген «Бонус Строй» ЖШС мердігері технологиялық процесті  сақтамағаны анықталды.

Мердігерге қазірдің өзінде төселген асфальтбетонды бөлшектеу және жұмысты қайта орындау тапсырылды, - деді Салтанат Әкімбекова. - Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөліміне осы жұмыстардың орындалуын бақылау жүктелді.

Айта кетерлігі, мердігер асфальтты бұза бастады.

Сонымен қатар, Павлодар қаласының әкімі «Бонус Строй» ЖШС-нің атқарған барлық жұмыстарын тексеруді тапсырды. Егер де бұзушылықтар болған жағдайда оның барлығын жою туралы нұсқама шығарылады.

Өзгелердің жаңалығы