“Жаңа Қазақстанға жаңа ауыл” жобасы басталды

14 Мамыр 2022, 11:03
3062
Бөлісу:
“Жаңа Қазақстанға жаңа ауыл” жобасы басталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Ұйғыр ауданында “Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен “Жаңа Қазақстанға жаңа ауыл” жобасының алғашқы іс-шарасы өтті. 

Бизнес-тур форматында өткен акцияның мақсаты – ауыл адамдары мен кәсіпкерлерін агробизнестің интенсивті бау мен жылыжай сяиқты жаңа бағыттарын игеруге ынталандыру. 

“Жаңа Қазақстанға жаңа ауыл” жобасы басталды

Шараға Алматы облысы аудандарынан 30-ға жуық ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлері келді. Жаңа бағыттарға қызығушылық танытқан олар “Ауыл” партиясының тізімімен сайланған облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттары мен әкімдерінің ұйымдастырған арнайы көліктермен жеткізілді. Бизнес-тур барысында интенсивті бақ пен жылыжай технологиялары туралы теориялық және тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды. 

“Жаңа Қазақстанға жаңа ауыл” жобасы басталды

Шараның тұсауын кескен “Ауыл” партиясының хатшысы Анас Баққожаев “Жақа Қазақстанға жаңа ауыл” жобасының шараларына шолу жасап, 29 сәуірде өткен партия саяси кеңесіндегі жасалған жеті бастамаларды түсіндіріп берді. Өз сөзінде ол ҚР Президентінің “Жаңа Қазақстан” тұжырымдамасын тиімді іске асыру үшін әр азамат санасын жаңартып, жаңа экономикалық және әлеуметтік көзқарас қалыптастыруы керек деді. 

“Жаңа Қазақстанға жаңа ауыл” жобасы басталды

Сонымен қатар партия хатшысы дамуға бетбұрыс жасаған әр ауыл адамы интенсивті бау мен жылыжай ұйымдастырамын десе, партия меценаттары мен депутаттары тарапынан қажетті қолдау көрсететілетінін жеткізді. Ол, мысалы, жобаны әзірлеу, тиісті рұқсат құжаттарын алу, кепілдікке беретін мүлікті бағалап беру сынды жұмыстарға қажет шығындарды толығымен өтеп беру болмақ. 

Бүгінгі біз толығымен көрсетіп шыққан агробизнестің жаңа бағыттарын игеруге қызығушылық танытқан ауыл кәсіпкерлері мен адамдарын “Ауыл” партиясы өз қанатының астына алуға дайын, - деді партия хатшысы Анас Баққожаев.

Бизнес турдың семинарын ашып берген Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нурахунов қатысушыларға өз тарапынан қажет көмектің барлығы берілетінін қадап айтты. Өз кезегінде “Ауыл” партиясының депутаттары мен әкімдері мұндай бизнес-турлардың әлі де жалғасатынын жеткізді. 

“Жаңа Қазақстанға жаңа ауыл” жобасы басталды

Тәжірибелік бөлім барысында қатысушыларға “Шонжы агро”, “Сайдуллам”, “Экопродукт” пен “Өнек” мекемелердің жұмысы толығымен көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы