Жаңа оқу жылында мұғалімдер ПТР-тесттен өтпейтін болды

25 Тамыз 2020, 03:22
1350
Бөлісу:
Жаңа оқу жылында мұғалімдер ПТР-тесттен өтпейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігіндегілер ұстаздарды бір рет тексеруден өткізудің еш мәнісі жоқ деп отыр. КТК телеарнасының хабарлауынша, мұғалімдер тек санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Мұғалімдердің арасында жаппай тегін коронавирусты анықтайтын тестілеуді тапсырудың қажеті жоқ. Себебі, мұғалімдер белсенді, салауатты өмір салтын ұстанады. Күн сайын олар көптеген адамдармен кездесетіндіктен, ПТР-тестілеу сынақтарын өткізу мәнісін жоғалтады, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Мұғалімдерде қауіпті аурудың алғашқы белгілерінің бар-жоғын мектептегі медбикелер тексереді. Білім ордасына кірмес бұрын алдымен дене қызуы өлшенуі керек. Сонымен қатар, мұғалімдер сияқты мектеп оқушылары да ғимаратқа медициналық бетперде тағып, арақашықтықты сақтауы тиіс. Ал балаларға резеңке қолғап киюдің қажеті жоқ. Коронавирус жұқтырудан сақтайтын қорғаныш құралдарын ұстаздар мен ата-аналар өзі сатып алады. Бұған салалық органдар тиісті қаражат қарастырмапты.

Өзгелердің жаңалығы