Қоян ба? Қарға ма? Желіде жаңа оптикалық иллюзия пайда болды

20 Тамыз 2019, 18:10
4731
Бөлісу:
Қоян ба? Қарға ма? Желіде жаңа оптикалық иллюзия пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желі қолданушылары аталмыш видеоны миллионнан астам рет қарап шыққан. Біреулер кадрдан – қоянды көрсе, екіншілері – құсты байқаған.

Dan Quintano әлеуметтік желідегі Twitter парақшасына жариялаған видеосы оптикалық елес тәрізді. Себебі, видеоны анықтап қарағанда қарға қоян сияқты болып көрінеді.

Dan Quintano-ның видеоролигі осы уақытқа дейін миллионнан астам рет қаралып, он мыңдаған лайк жинап үлгерді.

Видеоны салған адам өзінің постының астына "қоянның тұмсығын сипап отырмын" деп жазып, мыңдаған желі қолданушыларын ойландырып қойды.

"Мен құсты көріп отырмын", "Өмірімде қоянның бұндай «біртүрлі» құлағын бірінші рет көріп тұрмын", - деп жазды желі қолданушылары.

Алайда, адамдардың көбісі видеода қоянды емес, құсты көру қиынға соғады деген қорытындыға келді.

 

Өзгелердің жаңалығы