Жаңа министрлер ант қабылдады

19 Қаңтар 2021, 09:18
2224
Бөлісу:
Жаңа министрлер ант қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Үкіметінің жаңартылған құрамының алғашқы отырысы өтті. Отырыс барысында Премьер-министрі Асқар Мамин экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған нақты шараларды жүзеге асыру қажет екенін айтты.

Парламент әрбір Үкімет мүшесін мақұлдады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлықтарға қол қойды. Бұл - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы және Парламенттің білдірген жоғары сенімі. Біз оны жоғары жауапкершілікпен ақтап, Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы – әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын және біздің алдымызға қойылған барлық міндеттерді  сапалы орындауымыз керек. Экономиканы қарқынды дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасын, әл-ауқатын жақсарту және табысын арттыруға, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасалады. Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарына нащар аудару керек. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инвестициялар тартуға, жаңа технологиялар және экспортты дамытуға бағытталған нақты шараларды жүзеге асыру қажет, - деді  ол.

Мамин Үкімет құрамындағы өзгерістерге тоқталып, жаңа министрлерге сенім артты.

Мұхтар Тілеубердиев - ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкіметтің екі мүшесі жаңадан тағайындалды. Ұлттық экономика министрі болып Әсет Ерғалиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Серік Шәпкенов тағайындалды. Олар өздеріне жүктелген маңызды міндеттерді үлкен жауапкершілікпен атқарады деп сенеміз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы