Қазақстанда жаңа көліктерге деген сұраныс артқан

23 Қаңтар 2020, 15:02
2423
Бөлісу:
Қазақстанда жаңа көліктерге деген сұраныс артқан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Қазавтоөнеркәсіп" автомобиль саласы кәсіпорындары одағының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян Алматыда өткен брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, елімізде жаңа көлік сатып алушылар белсенділігі өскен, соның арқасында 2019 жылы автокөлік өндірісі дағдарысқа дейінгі көрсеткішті еңсеріп, отандық зауыттардың өнім шығару көрсеткіші 50 мыңдық межеден асқан. 

Биыл отандық өндірушілер 2014 жылғы дағдарыс кезеңіне дейінгі көрсеткішке жетіп қалды. Ол кезде жылына 40 мыңнан аса көлік өндіретін. Кейін валюталық нарықтағы дағдарыстың кесірінен көлік өндірісі күрт түсіп кетті. Қазіргі таңда көлік өндірісі баяу болса да бұрынғы қалпына оралып келеді. 2020 жылғы өндіріс көлемі елдегі валюталық және шикізат сату салаларына, сонымен қатар сатып алушылардың белсенділігіне байланысты болады. Алдын ала болжам бойынша биыл 60 мыңнан аса автокөлік құралы шығарылады деп отырмыз, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол елімізге импортталатын шетелдік көліктер жайлы сөз қозғап, алдағы уақытта қандай маркалы көліктер кең тарауы мүмкін деген сұраққа жауап берді. 

Қазақстанға әкелініп жатқан шетелдік көліктердің бәрі сұранысқа ие емес. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, кейбір шетелдік көліктер біздің нарықтағы үлесін жоғалтып жатыр, тек Reno, Volkswagen, Nissan маркалы көліктерге сұраныс бар, - деді ол.

Бұған дейін елімізде сұранысқа ие 5 отандық көлік аталды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында жалпы құны 359,5 млрд теңге болатын 50 447 бірлік автокөлік құралы өндірілді

Өзгелердің жаңалығы