Жаңа қаулы. Наурыздан бастап қарағандылық оқушылар қалай оқиды?

28 Ақпан 2021, 18:29
1663
Бөлісу:
Жаңа қаулы. Наурыздан бастап қарағандылық оқушылар қалай оқиды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының аумағында 2021 жылдың 28 ақпандағы № 5 қаулысына сәйкес шектеу шараларына жеңілдіктер енгізілді.

Мәселен 1 наурыздан бастап: 

- цирктердің, бильярд клубтарының, балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмысы 30%-ға дейінгі толтырылуыммен жұмыс істеуге рұқсат етілді;
- «жұма намазы» мен ас беру рәсіміндерін 30% -ға дейінгі толтырылуыммен өткізуге рұқсат берілді;
- көрермендермен 20%-ға дейін ғана толтырылуыммен спорттық іс-шараларды өткізуге рұқсат етілді.

Оқушылар оқуын келесі тәртіппен жалғастырады:

- дәстүрлі форматта 300 оқушыға дейін, 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде оқыту;
- 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-5 (7) сыныптарды қоса алғанда және бітіруші сыныптар үшін аралас оқыту енгізіледі;
- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту рұқсат етіледі.

Колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттеріне штаттық оқуға рұқсат етіледі.

Барлық жұмыстары қайта жаңғыртылатын объектілерде әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін, термометрияны, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды қамтамасыз етілуі қажет.

Өзгелердің жаңалығы