Жаңа қаулы. «Ashyq» арқылы қандай объектілер жұмыс істейді

25 Қыркүйек 2021, 12:00
2301
Бөлісу:
Жаңа қаулы. «Ashyq» арқылы қандай объектілер жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясов «Ashyq» жобасын енгізу туралы жаңа қаулы қабылдады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.                 Объектілерде «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын:

1)                йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;

2)                спа-орталықтары;

3)                моншалар, сауналар, бассейндер;

4)                PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;

5)                боулинг клубтары;

6)                кинотеатрлар;

7)                театрлар мен филармониялар;

8)                стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;

9)                асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;

10)           облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

11)           облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;

12)           бильярд клубтары;

13)           концерт залдары;

14)           ерікті қатысушылар;

15)           караоке;

16)           көрмелер;

17)           океанариум;

18)           марафондар;

19)           көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;

20)           әуежайлар;

21)           лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;

22)           балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;

23)           цирктер;

24)           отельдер, қонақ үйлер;

25)           халыққа қызмет көрсету орталықтары;

26)           темір жол вокзалдары және автовокзалдар;

27)           (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері, сауда желілері;

28)           балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);

29)           букмекерлік конторалар;

30)           сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;

31)           барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен балаларды 12 жастан бастап QR-кодты сканирлеу кезенде ерікті түрде тіркеле отырып));

32)           спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;

33)           білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);

34)           діни объектілер;

35)           ойын клубтары (казино);

36)           «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы

Қаулының толық мәтінін мына сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыздар. 



Өзгелердің жаңалығы