Жаңа қаулы. Әлемнің 24 елінің вакцинация паспорты біздің елде жарамды

8 Желтоқсан 2021, 14:52
921
Бөлісу:
Жаңа қаулы. Әлемнің 24 елінің вакцинация паспорты біздің елде жарамды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясов халық арасында коронавирустық инфекцияның  таралуының алдын алу мақсатында қаулы қабылдады.

Қауылға сәйкес бірқатар шетелдік вакцинация паспорты елімізде жарамды деп танылады.

Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Эстония Республикасында және Японияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын - делінген қаулыда.

Өзгелердің жаңалығы