Жамбылдың 175 жылдығы Анкарада аталып өтті

6 Қазан 2021, 22:13
3930
Бөлісу:
Жамбылдың 175 жылдығы Анкарада аталып өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Анкараның Кечиөрен ауданында Жамбыл көшесінде оның атына ескерткіш тақтасының ашылу салтанаты өтті.

Аталған ескерткіш тақта Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің бастамасымен , Халықаралық ТҮРКСОЙ Ұйымы және Кечиөрен аудан әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Ескерткіш тақта Анкара қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы көшенің бойына , Сүйінбай Аронұлы ескерткіш пен оның атындағы саябақтың маңайына орналастырылды.

Салтанатты іс шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы , Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Кечиөрен ауданы әкімі Тургут Алтынок, ҚР Мәдениет министрлігі, Қазақстан Жазушылар Одағы басшысы Ұлықбек Есдәулет, Алматы қаласы және облысы бастаған қазақстандық делегация өкілдері , Анкарадағы дипломатиялық корпус, Кечиорен тұрғындары, Түркияда білім алып жатқан қазақ жастары және ақпарат өкілдері қатысты. Іс шараға Жамбыл атамыздың немересі де Іс-шарада орын алды.

Жиында сөз сөйлеген Елші Абзал Сапарбекұлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы және жыр алабы Жамбылдың 175 жылдығымен құттықтады.

Елші Түркияның төрінде Анкарада Жамбыл тақтасының орнатылуында қолдау көрсеткен әр азаматқа алғысын білдірді.

Елші А.Сапарбекұлы сөзін жалғастыра келе Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жетістіктеріне тоқталды. Сондай-ақ, екі бауырлас ел арасындағы мәдени байланыстардың маңыздылығын тоқталды.

Кечиөрен аудан әкімі Тургут Алтынок сөйлеген сөзінде бауырлас түркі халықтарының бір бірінің мәдениетін, өнерін, әдебиетін тану маңызды екендігін тілге тиек етті. Осы орайда , қазақ мәдениетін түрік елінде таныстыру үшін әрдайым қолдау көрсететіндігін білдірді.

Қазақстан Жазушылар одағының басшысы Ұлықбек Есдәулет , сөйлеген сөзінде түркі халықтарының тарихи, мәдени байланыстарының тарихи тамыры терең екендігін атап өтті. Бүгінгі шараның түркі халықтарының арасында байланыстарды нығайту мақсатында ерекше маңызға ие екендігін айтты.

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының басшысы Дүйсен Қасейінов Жамбылдың қазақ мәдениетіндегі рөлі туралы баяндады. Сонымен қатар, Дүйсен Қорабайұлы Жамбылдың 175 жылдығын тойлау аясында бірнеше шара ұйымдастыралытындығын атап өтті.

Кечиөрен ауданының Жамбыл көшесінде орнатылған ескерткіш тақтасында орын алған QR код арқылы Анкаралықтар жыр алыбының өмірбаянын оқып, қысқа бейне роликті көре алады.

Шараға Қазақстаннан арнайы келген делегация мүшелері, Елші Абзал Сапарбекұлы, Бас хатшы Дүйсен Қасейінов, Кечиөрен аудан әкімі Тургут Алтынок Жамбылбың ұстазы Сүйінбай Аронұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті.

Салтанатты іс шара Жамбылдың күйлері, қазақ халық әндері орындалды және айтыс қойылымы келген қонақтарға ұсынылды.

Жамбыл 175 жылдығының аталуы Халықаралық Жамбыл әлемі конференциясы мен және түрік тіліне аударылған Жамбыл кітабының тұсаукесерімен жалғасатын болады.

Өзгелердің жаңалығы