Жамбылдық шаруалар әр гектардан 8 тонна жүгері жинады

25 Қазан 2021, 19:20
3003
Бөлісу:
Жамбылдық шаруалар әр гектардан 8 тонна жүгері жинады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Жамбыл ауданында егілген жүгері алқабының өнімділігі жоғары, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жергілікті әкімдіктің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман-агрономы Амангелді Әбдібеков биыл 1 800 гектар жерге жүгері тұқымын сепкендерін айтады.

Бүгінде аудандағы егістіктің 1 530 гектары орылып, одан 8770 тонна өнім алынған.

Жоғары өнімге қол жеткізген Гродекова ауылдық округінің шаруалары 263 гектарға жүгері еккен. Табысын еселеп отырған Александр Рыбалко биыл 7 гектарға, ал «Тимофеев» шаруа қожалығы 50 гектарға жүгері дәнін сепкендеріне еш өкінбейді.

Шаруалардың алды гектарынан 8 тонна өнім алып, қамбаларына бастыруда.

Жылдық көрсеткішке қарағанда биыл дала аруынан анағұрлым көп өнім жиналып отыр. Судан еш тапшылық көрмедік. Жүгері сабақтарының бойы 2 метрге жетеді. Арасында жинап жүрген техникаларды әзер байқайсыз. Келер жылы егістік көлемін ұлғайту жоспарымызда бар, – дейді Александр Евгеньевич.

Өзгелердің жаңалығы