Жамбылдық полицейлер заңсыз сақталған қаруды тәркіледі

20 Желтоқсан 2020, 12:38
1274
Бөлісу:
Жамбылдық  полицейлер  заңсыз сақталған қаруды тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізудің 3 күні ішінде облыс бойынша іздеуде жүрген төрт адам ұсталды, бұрын жасалған 20 қылмыс дерегі ашылды. Сондай -ақ, тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүрудің және сақтаудың сегіз дерегі анықталды, - делінген хабарламада.

– тегіс ұңғылы атыс қаруын заңсыз сақтаудың екі дерегі;

- жалпы салмағы 2,5 келі есірткі заттарын сақтаудың 4дерегі;

- жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді алып жүрудің 1 дерегі және суық қаруды алып жүрудің 1 дерегі.

13 желтоқсанда әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде Сүлейманов көшесінде патрульдік жасақпен Тараз қаласының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы «БМВ» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғыштағы спорттық сөмкеден ТОЗ-120 маркалы 12 калибрлі тіркелмеген тегіс ұңғылы қару табылды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі (ұңғысыз атыс қаруын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жалғасуда, қарудың қылмыс жасауға қатыстылығын анықтауға баллистикалық сараптама тағайындалды, - деп атап көрсетті ПД ЖПҚБ бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.

«Нөлдік төзімділік» тәртібінде 1 921 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттерге қатысты 48 құқық бұзушылық анықталды. Бұдан басқа, ұсақ бұзақылық үшін – 211 адам, спирттік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 210 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 92 адам ЦВАиД -ға орналастырылды және 19 адам қабылдау–тарату орнына қамалды; қарсы жолаққа шығу – 5; қауіпсіздік белдігі тағылмаған көлік құралын басқару – 263; жаяу жүргіншілерге жолда артықшылық бермеу – 74; жаяу жүргіншілердің жүру қағидаларын бұзудың 342 дерегі анықталды .



Өзгелердің жаңалығы