Жамбылдық полицейлер малшыдан 9 келі марихуана тапты

6 Желтоқсан 2020, 04:28
840
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер малшыдан 9 келі марихуана тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер малшыдан тоғыз келі марихуана тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 3 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Шу ауданының жайылымындағы құмға жақын маңдағы аймақта малшы болып жұмыс істейтін 45 жастағы жергілікті тұрғыннан жалпы салмағы 8 келі 880 грамм «кептірілген марихуана» есірткі құралын тауып, тәркіледі.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
  
Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Шу ауданының УҰИ-не қамаққа алынды.


Өзгелердің жаңалығы