Жамбылдық оқушылар халықаралық олимпиададан жеңіспен оралды

8 Қараша 2021, 21:46
969
Бөлісу:
Жамбылдық оқушылар халықаралық олимпиададан жеңіспен оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия мемлекетінің Анталия қаласында ХІІІ халықаралық жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша олимпиадада Жамбыл облысының 3 оқушысынан құралған команда бірінші орынды иеленді.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тарапынан өткізілген спорттық жарыста да жасөспірімдеріміз жеңіске жетті.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылардың ішінен суырылып шыққан өрендеріміз - Меркі ауданындағы №9 В.Савва атындағы мектеп-лицейдің оқушылары. Нақтылай айтқанда, Әмірқұл Әлішер ағылшын, математика пәндері бойынша бірінші, үшінші орындарды иеленсе, Жақсылық Данияр информатика пәні бойынша үшінші орыннан көрінді. Ал Османов Османпаша ағылшын-биология пәндері бойынша бірінші, үшінші орындарды қанжығалады - делінген облыс баспасөзы таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы