Жамбылдық азамат есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

21 Желтоқсан 2020, 04:30
1315
Бөлісу:
Жамбылдық азамат есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер есірткі құралдарын сатты деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 16 желтоқсанында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу барысында «марихуана» есірткі құралдарын өткізбек болған Жамбыл облысы Талас ауданының 53 жастағы тұрғынын ұстады.

Ер адам ұзақ уақыт бойы Қазақстан Республикасының батыс аймақтарына сату үшін марихуана есірткі заттарын дайындаумен айналысқан.
ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Жамбыл ауданының УҰИ-ге қамаққа алынды, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы