Жамбылдық полицейлер екі мың бетперде таратты

7 Тамыз 2020, 21:12
1100
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер екі мың бетперде таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, "Есірткіге жол жоқ!" атты акция өткізді.

Іс-шараның мақсаты- коронавирустың таралуына байланысты карантин жағдайында есірткіге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

Акцияның басты атрибуттары символдық логотип пен "Есірткіге жол жоқ!" деген жазуы бар медициналық бетперделер болды.

Тараздағы халық көп жиналатын «Ауыл береке» базары мен «Жеңіс» саябағы іс - шараны өткізу орындары болып кездейсоқ таңдалмады. Полиция қызметкерлері азаматтарға медициналық бетперде таратып, есірткінің қауіптілігі туралы айтып қана қоймай, карантиндік мінез-құлық нормаларын жете түсіндірді,  - деп түсіндірді Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ержан Бейсембаев. 
Акция барысында полицейлер 2000 медициналық бетпердені тегін таратты.

2020 жылдың 7 айындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының 319 дерегін анықтады, оның ішінде 64-есірткі сату дерегі, 28-аса ірі көлемде есірткі сақтау, 3- есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау, 2 дерек- есірткі құралдарының контрабандасы және 1- есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастыру және ұстау дерегі.

Заңсыз айналымнан екі тоннадан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 50 келіге жуық гашиш, екі тоннадан астам марихуана, 1 келіден астам героин және 1 келіге жуық синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы