Жамбылдық агроқұрылымды дамытуға 25 млрд теңгеге жуық бөлінген

13 Мамыр 2020, 09:02
1498
Бөлісу:
Жамбылдық агроқұрылымды дамытуға 25 млрд теңгеге жуық  бөлінген
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушелірен қолдау мақсатында "ҚазАгро" АҚ арқылы 6%-дық мөлшерлемемен несиелендіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы аймақ басшысының орынбасары Берік Нығмашев айтты.

Ол өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған бірқатар шара қолданылатынын мәлімдеп, оларға жеке-жеке тоқталды.

Қазіргі таңда жергілікті ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған 5 түрлі іс-шара қарастырылып отыр. Алғашқысы қаржыландыру тетіктерін кеңейту болса, екіншісі – "Алқаптан сөреге дейін" қаржыландыру тетігін енгізу. Бұларды пилоттық жобалар десек те қателеспейміз. Ал үшіншісі экспортты және импортты алмастыруды жүргізу болып табылады. Келесісі – егіс алқаптарын кеңейту, өнімділік пен жалпы жинауды ұлғайту, соңғысы – ЖСҚ сараптамадан өту рәсімдерін жеңілдету, - деп атап өтті
Берік Болатұлы.
Жауапты маманның сөзіне қарағанда, жоспарланған осы жұмыстардың нәтижесінде жұмыс орындары ұлғайып, отандық кәсіпорындардың жүктелімі артады екен, импорт та алмасуы керек. Жалпы, биыл Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 24,7 млрд теңге бөлінген.

Жыл басынан бері республикалық және облыстық бюджеттерден қаралған 10 331 млн теңгенің барлығы игеріліп, тауар өндірушілерге қолдау көрсету үшін 20 бағдарлама шеңберінде субсидиялар мен кредиттер тұрақты түрде берілу үстінде екен.

Өңірде енгізілген карантиндік режим кезінде көктемгі дала жұмыстарын өз деңгейінде жүргізу мақсатында шаруашылықпен айналысатын тұрғындарға қала, аудан аумағына кіріп, шығу электрондық рұқсат қағазын беру арқылы жүзеге асырылуда. Көрсетілген қолдаулардың арқасында биылғы 4 айда Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 39 474,5 млн теңгені құрады. Оның ішінде егін шаруашылығы өнімінің көлемі 512,4 млн теңге болса, мал шаруашылығы өнімінің көлемі – 38 942,7 млн теңге, - деді Берік Нығмашев.

Өзгелердің жаңалығы