Жамбылдағы жарылыс. Жаралылар марапатталды

30 Қыркүйек 2021, 22:27
1944
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс. Жаралылар марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан жарақат алғандар марапатталды. Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен облыстық департаменттің 48 қызметкеріне «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалі табыс етілді. 

24.kz арнасының мәліметіне қарағанда, қауіп-қатерге қарамастан өз міндетін мүлтіксіз орындарғандарға алғыс айтылып, құрмет көрсетілді. 

Ажалдан аман қалғандардың қатарында 34 жастағы Болат Әмірәлиев те бар. 

Қару-жарақ сақтау қоймасы түтіндеп жатыр деген сол хабарды алысымен оқиға орнына жеттім. Оқиға орнына келгенде көргенім қару-жарақ қоймасы алаулап жанып жатты. Содан көп ұзамай жарылыс болды. Сол жарылыстан жарақат алдық. Қазір сол жарақаттан емделіп жатырмыз. Енді жақын арада қатарға қосыламын - деді Байзақ аудандық ТЖБ бастығы Болат Әмірәлиев.

Тамыздың 26-сы күні Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болған еді. Апатты аймаққа алғашқы болып жеткен өрт сөндірушілер алаулаған қызыл жалынды ауыздықтауға тырысқан. Сол кезде оқдәрі бірінен соң бірі жарылды. Салдарынан азаматтық қорғаныс саласының мамандары қаза тауып, бірнеше адам түрлі дене жарақатын алған еді. 

Бұл бейбіт кезеңде жауынгерлік бұйрық алып жауынгерлік тапсырма алып орындайтын төтенше жағдайлар саласы қызметкерлеріне лайықты марапат деп ойлаймын. Алдағы уақытта бұндай оқиғалар тек жаттығу жүзінде болғаны және қатардағы құрам әрдайым аман болғанын тілек ететін боламыз - деді Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары Мақсат Қосыбаев.
Өзгелердің жаңалығы