Жамбылдағы жарылыс. Сапарбаев  оқиғаның себебіне қатысты өсек-аянға сенбеуге шақырды
29 Қыркүйек 2021, 11:53 1304

Жамбылдағы жарылыс. Сапарбаев оқиғаның себебіне қатысты өсек-аянға сенбеуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Байзақтағы жарылыстың себебі қашан анықталады деген сұрақтар бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның қызметтерінен құрылған тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Олар қалай тергеуді бітіреді, себеп те ресми айтылады. Сондықтан жерлестерімнен сұрайтыным, ешқандай өсек сөздерге ермеңіздер. Байзақтағы болған жарылыс Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бақылауында. Біз әрдайым жұмысты Президентке айтып тұрамыз, - деді Сапарбаев.

Ол атағандай, кінәлі адамдар анықталады.

Ал қалған жұмыс тоқтатылмайды. Үйлердің құрылысы бойынша жерлестердің сұрақтары болса, арнайы штабқа хабарласып, нақты мәлімет ала алады. Ешқандай өтірік, өсек әңгімелерге ермеулеріңізді сұраймыз, - деді Бердібек Сапарбаев.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысының әскери қоймаларының бірінде жарылыс болды. Жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті. Оның ішінде 10 азаматтық қорғау органдарының қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор бар.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...