Бас жаңалықтар
Жамбылда жедел топ дәріханалардың қоймасын тексеріп шықты
11 Шілде 2020, 03:28 328

Жамбылда жедел топ дәріханалардың қоймасын тексеріп шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Әшірбаев бастаған жедел топ Тараз қаласындағы "МедСервис"  дәрі қоймасын тексерді, деп хабарлайды Жамбыл облыстық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.

Қоймада дәрі-дәрмектердің көп түрі кездескенмен, көпшілік сұранысына ие дәрілер табылмады. Мұнда халыққа керекті деген парацетамолдың 6 000 данасы, гексаметезон – 700, аскорбин  қышқылының 201 ғана ампуласы, НоллГрипп препараттары 450 орама бары анықталды.
Дәрі-дәрмек қоймаға аптасына бір рет қана келіп түседі. Әрине, дәрі тапшылығы осындай шектеулерден орын алып жатыр, – дейді фармацевтер.
Өңірде дәріге қажеттілік 6-7 есе өскен.

Ал, "Садыхан" қоймасы қызметкерлері дәрі-дәрмек әзірге жеткілікті екеніне сендірді.
Тапсырыс берген дәріханаларға уақытылы таратып берудеміз, – дейді қойма басшылығы.
Сондай-ақ, арнайы жасақталған жедел топ қаладағы бірнеше дәріхана жұмысына зерделеу жүргізді. Топ мүшелері дәрілердің бағасын шектік бағадан асырмауы туралы қатаң ескертті.

9 шілде күні тұрғындарлың шағымы бойынша Тараз қаласы массив "Шөлдала" Ардагерлер көшесі 1 үйде орналасқан "Адон" дүкенінде "ацетилсалицовая қышқылының" 524 дәрілік орамасын заңсыз жоғары бағамен сатқан азамат құрықталды. Тәркілеу кезінде азаматтың дәрілік препараттың 1 данасын 150 теңгеден (бұрынғы бағасы 25 теңге қорап) сатқаны анықталды. Материал Жамбыл облысы бойынша ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі туралы сапаны бақылау департаментіне берілді.

9-10 шілде күні "109" Жәрдем CALL-орталығына дәрі дәрмек бойынша 7 және 18 адам жүгініп, әр қоңырау шалушы тиісті жауапты алды.

Сондай-ақ, "Аса адалдық алаңы" жобалық кеңсесі және арнайы мониторинг топ мүшелері аудан орталығында орналасқан "Жасұлан" дәріханасында зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында қазіргі халыққа керекті бірқатар дәрілердің жоқтығы анықталды Олар: ацикловир, дексаметазон, цитрамон, эуфулин, аскорбин қышқылы, ацитромицин. Ал халыққа қолжетімді дәрілер де жоқ емес. Олардың қатарына: аспирин, мукалтин этиль спирті, калций глюканаты, амокциллин, антигриппин тәрізді дәрі -дәрмектерді жатқызамыз. Сондай-ақ, парацетамол жоқ болғанымен, алмастырушы дәрілер бар. Олар: терафлю, тайлол, гриппо.

Сонымен қатар, "Talas Adaldyq Alańy" жобалық кеңсесі мен аудандық мониторинг топ бірлесіп аудан орталығы Қаратау қаласында орналасқан дәріханалардағы баға тұрақтылығына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 10 дәріхананың 9 дәріханасы тұрақты түрде, карантиндік шарттарға сай жұмыс жасауда. Баға өсімі анықталмады, бірақ кейбір дәріханаларда сұраныстың көптігіне байланысты антивирустық дәрі-дәрмек жетіспеушілігі анықталды. Мысалы: антигриппин, кальций глюканаты, аспирин, терафлю, парацетомол, ампициллин және т.б.

Дәріхана иелеріне дәрі-дәрмек бағаларын қымбат сатпау ескертілді.

Фото: дереккөз
Загрузка...