Жамбылда жедел штаб отырысы өтті

13 Қазан 2021, 22:01
2214
Бөлісу:
Жамбылда жедел штаб отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Мемлекет басшысы-еліміздің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес Жамбыл облысында жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өткен болатын.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен өңірлік жедел штаб отырысында аталған шаралардың қорытындылары сараланды.

Оқу-жаттығулар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарада және Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы полигонда ұйымдастырылды.

Екі оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау дағдылары пысықталды. Олардың қорытындысымен бірыңғай іс-қимыл алгоритмі қабылданды, - деді аймақ басшысы.

Кеңеске қатысушылар шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды талқылады. Құқық қорғау органдарының өкілдері баяндама жасады.

Аудандық әкімдіктер өңірлік жедел штабпен өзара тығыз байланыста әрекет етуі тиіс. Біз барлық ықтимал нұсқаларды қарастырып, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін әзірлікті күшейтуге тиіспіз, - деп түйіндеді облыс әкімі.

Басқосу қорытындысы бойынша төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірлескен жедел іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы шешім қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы