Жамбылда интернет алаяқтықпен кәсіби айналысқан 70-тен астам адам жазаланды

12 Мамыр 2022, 11:13
1027
Бөлісу:
Жамбылда интернет алаяқтықпен кәсіби айналысқан 70-тен астам адам жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Мақсат Жүсіпов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. 

Былтыр және биылғы 4 айда интернет алаяқтықпен кәсіби тұрғыда айналысқан 70-тен астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 20-дан астамы өзге облыстардың азаматы. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде бұл қылмыстың түрі 37 пайызға қысқарған, - деді ол.

Жүсіповтың айтуынша, шетелде отырып та арам пиғылдарын жүзеге асыратын алаяқтар бар.

Ел ішіндегі интернет алаяқтарды табу бізге қолжетімді. Ал шетелде жасалған қылмыстарды біз Бас прокуратураға жолдап, іздеу саламыз. Облыстағы барлық полиция бөлімінің ресми сайты мен арнайы парақшаларында халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрамыз, - деді Мақсат Жүсіпов. 

Мақсат Мүсрепбекұлының сөзінше, Жамбыл облысы аумағында орналасқан банк өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары қарастырылды.

Жыл басынан интернет-алаяқтықпен айналысқан 10 азамат ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың 4-і басқа облыстардың тұрғындары болды. Сондай-ақ, алаяқтықтардың шет мемлекеттерден жасаған фактілері де жеткілікті, бұл бағытта Бас Прокуратура мен ІІМ-нің арналары арқылы тиісті сауал-сұраныстар жолданған, - деді спикер.

 

Өзгелердің жаңалығы