Бас жаңалықтар
Жамбылда «Ауыл – ел бесігі» аясында 110 жоба іске асуда
20 Қазан 2020, 18:52 180

Жамбылда «Ауыл – ел бесігі» аясында 110 жоба іске асуда

Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында өткен жылы Жамбыл облысындағы үш аудан орталығында 108 жоба іске асырылған еді. Оның 55-і көше жолдарына асфальт жабынын төсеу болса, 25-і көшелерді – жарықтандыру, 24-і – білім, мәдениет, спорт, сумен жабдықтау және тағы басқа нысандар болатын.

Жамбыл облысы əкімдігі экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың сөзінше, мұның барлығы-дерлік ел игілігіне беріліп, тек төрт нысанның құрылысы 2020 жылға өтпелі болып, биыл пайдалануға ұсынылды. Бұл жобаларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 2,77 миллиард теңге, облыстық бюджеттен 300 миллион теңге қаржы бөлінген екен. Ал биыл жеті ауданда 110 жоба іске асырылуда.

Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынысымен осыдан екі жыл бұрын «Ауыл – ел бесігі» жобасы қабылданған болатын. Жобаның елді мекендердің экономикалық дамуына, ауылдың әлеуетін көтеруге қосып отырған үлесін бүгінде ел көріп отыр. Жалпы бұл жоба Жамбыл өңірінде жақсы жүргізілуде. Айталық, жеті ауданда жүргізіліп жатқан 110 жобаның 26-сын әлеуметтік нысандар құраса, 84-і көше жолдарының құрылысына бағытталған. 29 елді мекенде құрылысы жүріп жатқан жобаларға бюджеттен 7,4 миллиард теңге қаралды. Бүгінде 15 әлеуметтік нысан құрылысы іргетасынан басталса, осы санаттағы 11 нысан күрделі, 138,9 километр жол орташа жөндеуден өткізілуде, - деген басқарма басшысы жоба аясында 54 тұрақты, 1110 маусымдық жұмыс орны ашылғанын да әңгімеледі.

Жауапты маманның айтуынша, қазіргі таңда құрлыс жұмыстары 77 нысанда аяқталған екен. Байзақ, Қордай, Меркі мен Сарысу аудандарында 24-22 жобадан іске асырылып жатса, Шу ауданында – 7, Жуалы ауданында 1 ғана жоба қолға алыныпты. Өйткені, жобаға енген елді мекендерді таңдауда оның экономикалық дамуы мен болашағына көп мән беріле отырып таңдалады. Ал бір ауданда нысандардың көп, екіншісінде аз болуы аудан әкімдерінің пысықтығына байланысты.

Егер де қайсібір ауданның құрылыс жүргізетін нысандарының жобалық сметалық құжаттары ертерек тиісті мекемеге өткізілсе, келген қаржы сол аудандарға бөлініп кете барады, - дейді басқарма басшысы.

Бұдан кейін Гүлдана Жауынбекова «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті. Бағдарлама қолға алынған он жыл көлемінде 2025 маманға 6 миллиард теңге несие беріліпті. Нәтижесінде ауылдық аймақта 1789 маман тұрақтап қалған.

Таратып айтсақ, білім мекемелеріне – 1144, денсаулық саласына – 402, мəдениетте – 59, спортта – 45, əлеуметтік салада – 6, ауыл шаруашылығы бойынша – 133 маман жұмыс істеуде. Олардың барлығына бір жолғы көтерме жәрдемақы берілген. Сонымен бірге баспана сатып алулары үшін 0,01 пайыздық үстемемен 15 жылға жеңілдетілген несие де таратылды. Биылдың өзінде мұндай мүмкіндікке 260 жас маман ие болып, баспаналы болды, - деді жергілікті әкімдіктің өкілі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...