Жамбылда 25 мамырға жоспарланған Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуы кейінге шегерілді

26 Мамыр 2020, 01:39
1276
Бөлісу:
 Жамбылда 25 мамырға жоспарланған Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуы кейінге шегерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылда 2020 жылдың 25 мамырынан бастап карантин шаралары жеңілдетілмейтін болды. Бұл туралы облыстық жедел штабтың отырысында айтылды.

Бұған себеп соңғы күндері аймақта коронавирус індетін жұқтырушылардың саны күрт көбейген Бұған себеп соңғы күндері аймақта коронавирус індетін жұқтырушылардың саны күрт көбейген (22 мамыр – 20 жағдай, 23 мамыр – 10 жағдай).

Атап айтқанда, ХҚКО жұмысын қайта іске қосу кейінге шегерілді. Карантин шараларын жеңілдету мәселесі жедел штабтың кезекті отырысында өңірде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға сәйкес қаралады.

Осыған байланысты, өңір тұрғындарын тиісті шектеулер мен ескертулерге бейжай қарамауға шақырамыз. Карантин талаптары сіздердің және жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бағытталған. Тұрғындар жағдайға барынша түсіністікпен қарап, жауапкершілікті сезініп, ережелерді қатаң сақтағанда ғана нәтиже береді, - делінген ресми ақпаратта.
Айта кетейік, Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандардың саны (25 мамырдағы эпидемиологиялық жағдай бойынша) 292 адамға жеткен.
Өзгелердің жаңалығы