Жамбыл полицейлері 3 күнде 400 келіден астам есірткі тәркіледі

11 Қыркүйек 2021, 20:29
1634
Бөлісу:
Жамбыл полицейлері 3 күнде 400 келіден астам есірткі тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл полицейлері үш күнде 400 кг-нан астам есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Үш күн ішінде «Допинг» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 29 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 5 қылмыстық қылмыс: 3 факт – ҚР ҚК 297 – бабы «Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау», 2 факт-ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі «құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша.

ҚР ҚК-нің 296-бабы 1-бөлігі, 2-бөлігі, 3-бөлігі «қоғамдық орындарда есірткіні медициналық емес тұтыну; есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау» бойынша қылмыстық теріс қылықтардың 10 фактісі және әкімшілік құқық бұзушылықтардың 14 фактісі тіркелді.

Тәртіп сақшылары 62 дәріханада, 2 қоймада және 2 емдеу мекемесінде тексеру жүргізді.

3 күн ішінде заңсыз айналымнан 445 кг астам түрлі есірткі заты, оның ішінде 441 кг марихуана, 4,7 кг гашиш, 3 гр 35 мгр героин алынды, - деді Жамбыл облысы ПД УПН бастығы Асқар Жұмабеков.

Өзгелердің жаңалығы