Бас жаңалықтар
Жамбыл облысының жол полициясы "шок терапиясын" бастады
22 Тамыз 2019, 10:04 328

Жамбыл облысының жол полициясы "шок терапиясын" бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында жолда қайтыс болғандар саны өсіп, полиция ерекше тәсіл қолдануға көшті, деп хабарлады облыстық полиция департамантінің баспасөз қызметі.  

Департаменттің деректерінше қайғылы жағдайлардың басым бөлігі республикалық тас жолдарда, соның ішінде халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінде болады.

«Тақтайдай тегіс жолдың көлік үшін өте ыңғайлы екені белгілі. Алайда әдемі жолмен жүйткіген жүргізушілер қауіпсіздік мәселесін естен шығарып алады. Ал оның арты қайғылы жағдайларға әкеледі. Сондай-ақ тегіс жол жүргізушіні маужыратып, жолда қалғып кету сәтін арттырады. Оның да соңы немен аяқталатыны белгілі», - делінген таратылған ақпаратта.

Осы орайда Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастамасымен республикада алғаш рет «Шок терапиясы» атты акция ұйымдастырылуда.

"20 тамыздан бастап «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолында апатқа ұшыраған көлікті тиеген қызметтік эвакуатор жүр. Оны көрген жүргізушілер кез келген жүргізушінің дәл осындай жағдайға тап болуы мүмкін екендігін ойлап, жылдамдықты азайтады деген үміт бар. Эвакуатор алғашқы күні бетон төселген жолмен Шымкентке қарай жүрді. Келесі күні Т.Рысқұлов ауданына қарай жол тартты. Халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралінің жүргізушілеріне арналған акция әлі де жалғасуда», - деп хабарлады департамент өкілдері.

Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық