Жамбыл облысының тұрғыны 9 жастағы екі баланы зорлап келген

13 Мамыр 2022, 12:10
2573
Бөлісу:
Жамбыл облысының тұрғыны 9 жастағы екі баланы зорлап келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында Шу ауданында 9 жастағы екі баланы ұзақ уақыт зорлап келген.

KTK арнасының ақпататына сүйенсек, Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны тоғыз жастағы екі баланы ұзақ уақыттан бері зорлап келген. 

Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова 3-сынып оқушыларына азғындық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді.

Полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру жұмыстарын жүргізгенде Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге қатысты Шу ауданының соты қамауға алу бұлтартпау шарасын тағайындады. Қажетті барлық сараптама тағайындалды, - деді ПД өкілі.

Таратылған мәліметтерге сүйенсек, 43 жастағы жергілікті тұрғын баласы мен оның досының жыныстық сипатта зорлыққа ұшырағанын айтып полицияға шағым түсірген. Арызда екі балаға ауылдағы қараусыз тұрған ғимараттардың бірінде қиянат жасалғаны айтылған. 

Ал бейресми ақпараттарға сенсек, сорақылық оқушының бірінің денсаулығы күрт нашарлап дәрігерге қаралғанда анықталған. Тоқ ішегіне қатты зақым келген. Оқушы азғынның құрбанына айналғанын айтуға қорыққан. Педофил болған жағдайды біреу-міреу естісе, «өздеріңді де, ата-аналарыңды да, өлтіремін» деп сес көрсеткен. Жеткіншектер бір жыл бойы іштен тынып жүрген. Ел арасында, күдіктінің ауыл имамының көмекшісі екені айтылып жатыр. Бірақ облыстың бас имамы бұл деректі теріске шығарып, қол астында ондай қызметкердің мүлдем болмағанын жеткізген, - деп хабарлады КТК арнасы.

Еске сала кетейік, 12 мамыр күні Алматы қаласындағы «Мариям» жекеменшік мектебінің үш 7-сынып оқушысы 1-сынып оқушысын сабақ үстінде зорлағаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Қазір Білім және ғылым министрлігі осы мектепте тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы