Жамбыл облысындағы жарылыс: Тоқаевтың баспасөз хатшысы қалыпқа келтіру жұмыстары туралы айтты

10 Қараша 2021, 20:33
864
Бөлісу:
Жамбыл облысындағы жарылыс: Тоқаевтың баспасөз хатшысы қалыпқа келтіру жұмыстары туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Жамбыл облысындағы жарылыстан кейінгі қалыпқа келтіру жұмыстарының барысы туралы әлеуметтік желіде баяндады.

Берік Уәли Facebook-парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 27 тамызда Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп, мемлекеттік уәкілетті органдарға қаза тапқан азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырғанын жазды.

Жарылыс салдарынан қираған 176 нысанның бүгінде 173-і қалпына келтірілді. 35 тұрғын үй, 10 коммерциялық нысан, 2 мектеп пен 1 дәрігерлік пункт пайдалануға берілді. 2 коммерциялық нысанның және Жібек жолы ауылындағы 150 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Қайнар ауылында жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылды, үйлерге газ, су берілді.
Қайта қалпына келтіру жұмыстарына Үкімет резервінен 1,2 млрд теңге бөлінді және демеушілер есебінен 102,3 млн теңге жұмсалды.
Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына 15 млн теңгеден материалдық көмек көрсетілді.
Қаза тапқан азаматтардың отбасы мүшелерінің банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздары толығымен өтелді, – деп жазды Берік Уәли.

Өзгелердің жаңалығы