Жамбыл облысында вирус жұқтырған 17 науқастың дерегі

5 Сәуір 2020, 10:44
1357
Бөлісу:
Жамбыл облысында вирус жұқтырған 17 науқастың дерегі

Алматы, BAQ.KZ.  Жамбыл облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше бүгін облыс бойынша анықталған 17 жағдайдың бәрі сырттан келгендер және оармен байланыста болғандар. 

Төрт науқас Үндістаннан келген рейстің жолаушылары. Ұшақ қонысымен олардың бәрі медицина қызметкерлерінің сүйемелдеуімен оқшауланып, стационарға жатқызылған. Зертханалық тексеріс кезінде 1984, 1996, 1998, 2000 жылы туған төрт азаматтан инфекция анықталды.

Сонымен қатар, үш жағдай Қордай ауданында тіркелген. 

Стационарда карантинде жатқан 1975 және  1982 жылғы екі азамат бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында ауырған адаммен байланыста болған. 1999 жылғы тағы бір науқас 23 наурыз күні «Қостанай-Алматы» пойызымен келген,-делінген хабарламада.

Шекаралық бекеттерде күшейтілген шараларға байланысты Қазақстанға кіретін жүккөлік иелері карантинге жатқызылып жатыр. Осындай шараның нәтижесінде 10 адамнан инфекция анықталған. Олардың 4-уі Қырғызстан, 6-уы Қазақстан азаматы.

Науқастардың барлығы жұқпалы аурулар емханасына жатқызылды. Олармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Коронавирустың жаңа жағдайы тіркелуіне байланысты 6 сәуірден бастап Қордай ауданында карантин режимін енгізу шешімі қабылданды,-делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы